Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.07 № 754 ҚАУЛЫСЫ

Мүгедектердi оңалтудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы

(2009.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесi;

ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесі;

2) Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесi;

3) Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi;

4) Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi бекiтілсiн.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнiң

2005 жылғы 20 шiлдедегі

№ 754 қаулысымен

бекiтілген

 

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету

ережесi

 

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi.

1. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтетін протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку