(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.07.02 № 121 ҚАУЛЫСЫ
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 Қаулысы
(2009.08.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 121 қаулысымен
бекітілген
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін белгілейді.
2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
2) елді мекен - азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметтері нәтижесінде қалыптасқан республиканың аумағында жинақы қоныстанған, кемінде 50 адам саны бар, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген әрі жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бөлік;
3) жергілікті атқарушы орган - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы.
Редакция документа
Демо – версия документа