(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.29.10 № 1132 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 Қаулысы
(2011.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Үкіметінің 2011.14.10. № 1169 Қаулысымен қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1025 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) алып тасталды
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа