(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2005.08.07. № 74-III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы
(2011.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Әскери есеп. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттiлiгiне және әскери қызметiне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери қызмет - Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшiлердiң мемлекеттік қызметiнiң ерекше түрі;
2) әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) әскери мiндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шектi жасына дейiн запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) әскери атақ - әскери қызметшi мен әскери мiндеттіге берiлетін әскери айырым белгiсi;
5) әскери мiндеттілiк - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық мiндеттілігі;
6) әскери киім нысаны - әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиiстiлiгiн айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген погоны бар нысанды киім (киім-кешек) мен жабдықтар;
Редакция документа
Демо – версия документа