Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.25.12 № 1412 ҚАУЛЫСЫ

Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған операциялардың түрлері бойынша:

1) барлауға арналған модельдік келісімшарт;

2) өндіруге арналған модельдік келісімшарт;

3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.

2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.

3. Құзыретті органдар қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасын.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 28, 356-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 213-құжат);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку