«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - қосымша) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (А. Искакбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Бектұров |
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің міндетін
атқарушы 2011 жылғы 6 тамыздағы
№ 496 бұйрығының қосымшасы
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының
тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 618 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларын меншіктеу және ресми электрондық мекен-жайлары анықтамалығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі № 147-І бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2305 болып тіркелген);
Демо – версия документа