Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006 ЖЫЛҒЫ 23 НАУРЫЗДАҒЫ № 135 -III ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 
Заңы

 

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы

(2009.30.03. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 1-тарау. Жалпы ережелер

(1-6 баптар)

2-тарау. Инновациялық инфрақұрылым

(7-8 баптар)

3-тарау. Алып тасталды

 

4-тарау. Инновациялық гранттар

(17-18 баптар)

5-тарау. Қорытынды ережелер

(21-22 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық әрі ұйымдық негіздерін белгілейді және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2009.30.03 146-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) инновация — жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, қолданылатын сол тақылеттестермен салыстырғанда практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі;

2) инновациялық грант - тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, зияткерлік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант туралы шартта көзделген талаптарда берілетін бюджет қаражаттары;

3) инновациялық даму институттары - инновациялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғам түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар;

4) инновациялық дамыту шараларының кешені - инновациялық даму институттарының инновациялық жобаларды іске асыру үшін жағдай жасауы жөніндегі іс-шаралар;

5) инновациялық жоба - инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку