Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 29 МАМЫРДАҒЫ № 438 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 Қаулысы

(2011.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Агенттік туралы ереже;

2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 мамырдағы

№ 438 қаулысымен

бекітілген

ҚР  Үкіметінің  2007.06.11. № 1047 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку