(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІІМ ІШКІ ӘСКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ 23.06.92 Ж. № 1407-X...
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ішкі әскерлері туралы
1992 жылғы 23 маусымдағы № 1407-XII Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «адам құрамымен», «адам құрамының», «адам құрамына», «адам құрамын» деген сөздер тиісінше «жеке құрамымен», «жеке құрамының», «жеке құрамына», «жеке құрамын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1 бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (2008.01.01 қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi
Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады:
- маңызды мемлекеттік объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
Редакция документа
Демо – версия документа