Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Заң күші бар «Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 21 желтоқсан № 2708

Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
1995 жылғы 21 желтоқсан № 2708

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

1. "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) Заңның атауы мына редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы";

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi

IIМ-iнiң iшкi әскерлерi осы Заңда, IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген өздерiне тапсырылған объектiлердi, қоғамдық қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiптi қорғау жөніндегі қызметтiк-әскери мiндеттердi орындауға арналған әскери ұйым болып табылады. Iшкi әскерлер соғыс кезiнде Қарулы Күштерiнiң резервi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысының шешiмi бойынша Қарулы Күштердiң құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендiгiн қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға тартылады";

3) 2-баптың төртiншi абзацындағы "органдарына көмек көрсету" сөздерi "органдарымен бiрлесiп қатысу" сөздерiмен алмастырылсын;

4) 3-бап мына редакцияда жазылсын:

"3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi

IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку