Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ Ж/ГІ АГ. ТӨР. 2008.2...

Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 Бұйрығы

(2010.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылдың 1 наурызға дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 және «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 9-тармағы 9) тармақшасына және 2008 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1) Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестілеуден өткізу ережесі (1-қосымша);

2) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен, басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген; кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтарды тестілеу программалары (2-қосымша);

3) Аттестациядан өтуге тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу программалары (3-қосымша);

4) Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні (4-қосымша).

2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (5-қосымша).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку