Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.04 № 464 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 сәуірдегі

№ 464 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 701-кабинет.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 13) тармақшасының және 8-бабы 13) тармақшасының;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттің үй-жайында ілінген стендтерде орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жемшөп пен жемшөп қоспаларына тіркеу куәлігін (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:

1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Комитет құжаттар пакетін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады (бас тартады), сараптамаға және сынаққа жібереді;

тіркеу сынақтары - 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспайды;

байқаудан өткізу - 2 (екі) жылдан аспайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку