«Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы (2014.31.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы
(2014.31.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кісіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаны бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
С. Мыңбаев |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы |
Д. Шәженова |
Документ утратил силу
Демо – версия документа