(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.08 № 900 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен оның мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелері таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері құрылған Комитетке берілсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.
4. Комитет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің таратылатын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін.
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды, оның мүлкін, сондай-ақ штат санын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірге беруді жүзеге асырсын;
Редакция документа
Демо – версия документа