Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен Бұйрығы (күші жойылды)

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 471 және ҚР Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н.Выборов):

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және оның талаптарын орындауды ұйымдастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ.Демеуовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

 

Қ. Қасымов

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку