(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2011.30.05 № 50 БҰЙРЫҒЫ
Талдау кестелерінің уақытша нысандарын және қылмыстылық, құқық бұзаушық жағдайы мен прокуратура
органдары жұмысының басты көрсеткіштері бойынша мәліметтерді және оның құрастырылуы жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 50 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде 2011 жылдың 17 сәуірінде берілген Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша дайындалған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2011 жылғы 27 сәуірде өткен алқа отырысы № 3 хаттамасының 3-сұрағының 3-тармағына сәйкес, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес талдау кестелерінің уақытша нысандары және қылмыстылық, құқық бұзаушық жағдайы мен прокуратура органдары жұмыстарының басты көрсеткіштері бойынша мәліметтер;
2) 2-қосымшаға сәйкес талдау кестелерінің уақытша нысандарын және қылмыстылық, құқық бұзаушық жағдайы мен прокуратура органдары жұмыстарының басты көрсеткіштері бойынша мәліметтерді құрастыру жөніндегі нұсқаулық.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша прокурорларына, соларға теңестірілгендерге және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Бас Прокурорының
бұйрығына 1-қосымша
1-бөлім
20___ жылғы «___» _________ тіркелген
Редакция документа
Демо – версия документа