(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.13.06 № 493 ҚАУЛЫСЫ
Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және
жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесі бекітілсін.
2. «Өндірілуі, қайта өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы, жойылуы лицензиялауға жататын улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1459 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 682-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 13 маусымдағы
№ 493 қаулысымен
бекітілген
Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы
лицензиялануға тиіс улардың тізбесі
А тізімі
1. Амитон: О, О-диэтил-S-[2-диэтиламино) этил] тиофосфат және тиісінше алкилденген немесе протондалған тұздар
2. 1,1,3,3,3-пентафтор-2-(трифторметил)-1-пропен
3. 3-хинуклидинилбенэилат
4. Бір метилді, этилді немесе пропильді (қалыпты немесе изо-) тобымен байланысқан құрамында фосфор атомы бар, бірақ көміртегінің басқа атомдары жоқ химикаттар, мысалы метилфосфонилдихлорид,
диметилметилфосфонат
фонофос: О-этил S-фенилэтилфосфонитиолтионат жатпайды
5. N,N-диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) амидогалоидфосфаттар
6. Диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) N,N, М-диалкил (Ме, Кt, n-Рr немесе і-Рr) амидофосфаттар
7. Үш хлорлы тотияин
8. 2,2-дифенил-2-тотық сілтілі қышқыл
9. Хинуклидин-3-ол
10. N,N-диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) аминоэтил-2-хлоридтер және тиісінше протондалған тұздар
Редакция документа
Демо – версия документа