Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1369 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысы

(2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудiң бірыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 654 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен

Бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне

енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

 

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 20-жол алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларының және бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi;

бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару және әкелу;".

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку