(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 Қаулысы
(2011.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 675 қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа