«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 855 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 855 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері таратылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Өскемен қаласы);
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Шымкент қаласы).
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Семей қаласы).
16. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы (Шымкент қаласы).»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
«16-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Алматы қаласы).»;
реттік нөмірлері 17, 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.
18. Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.»;
реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Атырау облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы.»;
реттік нөмірі 21-жол алынып тасталсын;
Демо – версия документа