(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР 1999 ЖЫЛҒЫ 23 ШІЛДЕДЕГІ № 453-1 ЗАҢЫ
Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңы
(2010.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы | |||
7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық | |||
Түпнұсқада мазмұны жоқ |
|
| |
|
|
|
|
2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік талаптары - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптік даярлығының деңгейiн, құзыреттілігiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
2) лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
3) лауазымдық өкілеттік - мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген құқықтар мен міндеттер;
4) мемлекеттік әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы;
5) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттік саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік органда лауазымдық өкiлеттiктерді тұрақты кәсiптік негiзде жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшi;
Редакция документа
Демо – версия документа