(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 3 АҚПАНДАҒЫ № 130 ҚАУЛЫСЫ
Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргiзу шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысы
(2010.08.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексiнің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiп отырған Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Yкіметінің
2004 жылғы 3 ақпандағы
№ 130 қаулысымен
бекітілген
Судың жай күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға
беру ережесi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу
шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, оларды орналастыру және пайдалануға беру тәртібін регламенттейдi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi.
2. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындарды, өзге де құрылыстарды жобалау, салу, пайдалануға беру, қайта жаңарту, консервациялау және жою кезінде мыналар:
суды ұтымды пайдалану;
қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау;
Редакция документа
Демо – версия документа