(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.14.04 № 308 ҚАУЛЫСЫ
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысы
(2010.13.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына
1-қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің
құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
|
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
|
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
|
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары
|
Құсайынов Марат Әпсеметұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы
|
Имашев Берік Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
|
Редакция документа
Демо – версия документа