«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 Қаулысы (2013.31.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1 және 5-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 648 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа