«Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2012.06.11. № 1405 Қаулысымен күші жойылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 579 қаулысымен
бекітілген
«Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 44-бабының 3-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің: www.іntеllkаz.kz Интернет-ресурсында орналасқан. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін мемлекеттік тіркеу куәлігін (бұдан әрі - МТК) немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің уақыты ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (ңемесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа