«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген) (2013.15.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 579 қаулысымен
бекітілген
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.15.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 9-бабының 1-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің: www.іntе11kаz.kz Интернет-ресурсында орналасқан. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігін (бұдан әрі - Куәлік) немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет авторлар немесе құқық иеленушілер болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа