«Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 530 қаулысына
қосымша
Күші жойылған Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының
Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің
тізбесі
1. «Сынақ полигондарын тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 сәуірдегі № 398 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің орталық аппараты қызметкерлерінің санын көбейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 каңтардағы № 30 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 қаңтардағы № 65 қаулысы.
4. «Әскери қызметшілерге азық-түлік нормасын ұлғайту және басқа үлес түрлерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шілдедегі № 617 қаулысы.
Демо – версия документа