«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген) (2012.17.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 394 қаулысымен
бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.17.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тізбесі осы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, тізбелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа