(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 Ж. 23 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1229 ҚАУЛЫСЫ
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысы
(2010.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229
қаулысымен бекітілген
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату
ережесі
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 255-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің күші Кеден одағының кеден аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі -заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.
2. Осы Ережемен көзделген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына беру кезінде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 824 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа