«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік атестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 464 қаулысымен
бекітілген
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік атестаттау»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы стандартна 1-қосымшада көрсетілген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - ЖАО) ұсынылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 3) тармақшасы және «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі — стандарт) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ЖАО интернет-ресурсында, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету орнында ілінген стендтерде орналастырылған.
Документ утратил силу
Демо – версия документа