«Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 398 Қаулысы (күші жойылды)
Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының
лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 398 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 398 қаулысымен бекітілген
Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын
авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің
тізбесі
1. Ұшу авиацня персоналының лауазымдары
1) коммерциялық авиация пилоты;
2) пилот-нұсқаушы;
3) пилот-емтиханшы;
4) әуесқой пилот;
5) желілік пилот;
6) аса жеңіл авиация пилоты;
7) штурман;
8) штурман-нұсқаушы;
9) бортинженер (бортмеханик);
10) бортрадист
11) бортоператор
12) бортсерік.
2. Жердегі авиация персоналының лауазымдары
Документ утратил силу
Демо – версия документа