Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 391 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 391 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшадағы «4 147 918 285» және «1 303 122 106» деген сандар тиісінше «4 155 236 973» және «1 310 440 794» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «4 489 409 432» деген сандар «4 496 728 120» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 249 қаулысын іске асыру мақсатында:

1) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету;

2) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі функциялардың берілуіне байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер түсімінің сомасын бөлу жүзеге асырылсын»;

осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 30, 31-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

№ 391 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1350 қаулысына

30-қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку