«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығы (2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы
(2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 442 Жарлығымен күші жойылды
Елдің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету және сыртқы ықтимал қолайсыз әсерлерден қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдансын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 6-ы.
№ 1116
Президентінің
2010 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1116 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
4. Кеңестің негізгі міндеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын (бұдан әрі - Қор) басқару мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
ҚР Президентінің 2018.27.12. № 816 Жарлығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Кеңестің функциялары:
Документ утратил силу
Демо – версия документа