(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2009.26.11 №...
Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 798 Бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 48-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, стационарды алмастыратын көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты іске асыру үшін шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Мынадай:
1) «Стационарды алмастыратын медициналық көмекті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 14 қарашадағы № 840 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 2596 тіркелген);
Редакция документа
Демо – версия документа