(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ» 2005.30.05. № 54...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
(2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерiне сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дәйектеу - келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің халықаралық шарт мәтінімен келісу белгісі ретінде келісілген халықаралық шарттың жобасына немесе оның жекелеген нормаларына аты-жөндерімен алдын ала қол қоюы не халықаралық шарт мәтінінің тең түпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі;
Редакция документа
Демо – версия документа