Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген) (2013.24.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы 21 қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптары

(2013.24.01. берілген өзгерістермен)

 

Мазмұны

 

1-тарау. Жалпы талаптар

2-тарау. Жобалау

3-тарау. Материалдар мен жартылай дайын өнімдер

4-тарау. Дайындау, монтаждау және жөндеу

5-тарау. Техникалық куәландыру, пайдалануға енгізу

6-тарау. Қауіпсіз пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру

1-қосымша Құбырлардың санаттары мен топтары

2-қосымша Құбыр паспортының нысаны

3-қосымша Қысыммен жұмыс істейтін бу және ыстық су құбырларын дайындау үшін қолданылатын материалдар

4-қосымша Болаттарды түрлері мен кластарына бөлу

5-қосымша Құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік

6-қосымша Құбырды монтаждау туралы куәлік

 

 

1-тарау. Жалпы талаптар

 

1. Осы Талаптар жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 ксг/см2) астам және температурасы 115ºС жоғары ыстық суды тасымалдайтын құбырларды жобалауға, дайындауға, монтаждауға, жөндеуге, пайдалануға және куәландыруға қолданылады.

2. Осы Талап:

1) қазандықтың айналасында орналасқан құбырларға;

2) құбырлар жүйесіне кіретін және олардың ажырамас бөлігі (су бөлгіштер, лай тұндырғыштар және басқалары) болып табылатын ыдыстарға;

3) теңіз және өзен кемелерінде және өзге де жүзу құралдарында, жылжымалы теңіз қондырғыларында және су астында қолданылатын объектілерде орнатылатын құбырларға;

4) теміржол, автомобиль және шынжыр табанды көліктердің жылжымалы құрамында орнатылатын құбырларға;

5) сыртқы диаметрі 51 мм кем І санатты құбырларға және сыртқы диаметрі 76 мм кем ІІ, ІІІ және IV санатты құбырларға;

6) атмосферамен қосылған қазандықтар мен ыдыстардың құю, үрлеу және газ шығаратын құбырларға;

7) атом электр станцияларының құбырлары мен қондырғыларына;

8) бу турбиналарының айналасындағы бу жіберу құбырларына және турбинадан ысырмаға дейін бу алу құбырларына;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции