(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.23.06 № 632 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 632 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 23 маусымдағы
№ 632 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40,455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі; |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі; |
Жігітеков Нұржан Рахметханұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша); |
Бұсұрманов Жұмабек Дүйсешұлы | - «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің директоры, заң ғылымдарының докторы, Заң ғылымдары академиясының академигі; |
Тәшенова Алмаз Дулатқызы | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрайымы (келісім бойынша); |
Редакция документа
Демо – версия документа