(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.12 № 2105 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 Қаулысы
(2010.19.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — стандарт) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Редакция документа
Демо – версия документа