(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2009.26.11 №...
Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 793 Бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Б. Садықов |
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 793 бұйрығымен
бекітілген
Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсету тәртібін анықтайды.
Редакция документа
Демо – версия документа