Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2010.29.11 № 357-IV ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 Қаулысын қараңыз

 

1-бап. 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсiн:

1) кiрiстер - 3 939 975 720 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 2 543 733 998 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 78 639 307 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 14 523 664 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 303 078 751 мың теңге;

2) шығындар - 4 322 673 002 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 25 644 456 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер - 126 649 337 мың теңге;

бюджеттік кредиттердi өтеу - 101 004 881 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 194 115 982 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 194 475 982 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 360 000 мың теңге;

5) тапшылық - - 602 457 720 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,8 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 602 457 720 мың теңге.

 

2-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2011 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

 

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:

бiрыңғай бюджеттік сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режімі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку