«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Примьер-Министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 10-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Примьер-Министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 10-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін:
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 3 ақпандағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімдері | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ККМ (жинақтау), Қаржымині, ТМРА (келісім бойынша) | 2011 жылғы мамыр | |
2. | Залалдары бюджет каражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ККМ (жинақтау), Қаржымині, БҚА (келісім бойынша) | 2011 жылғы мамыр |
Демо – версия документа