«Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысы (2023.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысы
(2023.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін, әуе көлігімен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 187 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Демо – версия документа