(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.23.05. № 413 ҚАУЛЫСЫ
«Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін
тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу
ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 Қаулысы
(2009.03.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесі;
2) Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 23 мамырдағы
№ 413 қаулысымен
бекітілген
Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін
тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа