Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы (2014.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

(2014.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін;

2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 7-сі.

№ 1118

 

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции