(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 20 НАУРЫЗДАҒЫ № 276 ҚАУЛЫСЫ
Ұлттық қорғаныс университетiнiң мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысы
(2003.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған «Ұлттық қорғаныс университетi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекітілсiн.
2. Мекеменiң штат санының лимитi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi штат санының лимитi шегiнде тұрақты құрамы 221 бiрлiк санында және ауыспалы құрамы (тыңдаушылар) 60 бiрлiк санында белгiленсiн.
3. Мекеменiң қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 маусымдағы № 977 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 20 наурыздағы
№ 276 қаулысымен
бекітілген
«Ұлттық қорғаныс университетi»
мемлекеттік мекемесi туралы ереже
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрi - Университет) жоғары әскери кәсiптiк білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын әскери оқу орны болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа