«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 503 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 321-құжат) іске асырудың тұрақты мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы желтоқсанның 12-і.
№ 503
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 503 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Демо – версия документа