«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 695 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 695 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 3 шілдедегі
№ 695 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 мамырдағы № 432 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 175-құжат).
Демо – версия документа