(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2002 Ж. 17 МАМЫРДАҒЫ № 873 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 873 Жарлығы
(2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және заң жобасы қызметінің сапасын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы № 3044 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің 2002 жылғы
17 мамырдағы № 873 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігімен келісу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының
Редакция документа
Демо – версия документа