«Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1016 қаулысы (күші жойылды)
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1016 қаулысы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 558 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 4 қазандағы № 1016
қаулысымен бекітілген
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы
1. Жалпы ережелер
Осы Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылгы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 234-бабына сәйкес әзірленді және кедендік сараптама жүргізетін ұйымдарда кедендік сараптама жүргізу мақсатында кедендік тексеру жүргізу және кедендік декларациялау кезінде кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сынама - оңтайлы қажетті, стандарттау жөніндегі құжаттамамен белгіленген, ұсынылып отырған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиетін сипаттайтын тауар немесе тауардың бір бөлігі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа