(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.24.04. № 546 ҚАУЛЫСЫ
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық
маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысы
(2009.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбында, бүкіл мәтінінде «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып, «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 30-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламенті;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламенті бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Барлық деңгейдегі әкімдер:
Әкімдіктердың регламенттерін әзірлеу және бекіту кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын;
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі
№ 546 қаулысымен
Редакция документа
Демо – версия документа